422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияның оңтүстігінде орман өрті өршіп тұр

  • 232
  • UPD: 10:36, 17.07.2020
Грекияның оңтүстігінде орман өрті өршіп тұр

Қызыл жалын Афинадан 60 шақырым жерде орналасқан Лаврион елді мекеніне жақындап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар аймақтағы мигранттар мен балаларға арналған лагерьлерден, қонақүй мен жергілікті тұрғын үйлерден халықты эвакуациялауға кірісті. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 19 өрт сөндіруші көлік, 2 ұшақ пен 4 тікұшақ жұмылдырылды. Полиция қауіпті аймаққа апаратын жолдарды жауып тастады. Адам шығыны мен зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ. Өрттің не себептен шыққаны да белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы