423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сеулден Пхеньянға ұшқыр пойыз қатынайды

  • 305
Сеулден Пхеньянға ұшқыр пойыз қатынайды

Оңтүстік Корея Корей Халық Демократиялық Республикасымен экономикалық байланыс өз қалпына келеді деп үміттенеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Сеулде ел аралық теміржол қатынасына байланысты бірнеше жобалары ұсынылды. Бұған дейін толық ынтымақтастыққа АҚШ пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Пхеньянға қарсы санкциялары кедергі келтіріп келді. Алайда Оңтүстік Кореяның теміржол зерттеу институтының жетекшісі На Хи Сынның пікірінше, Солтүстік Кореямен кейбір жобаларды Теміржол ынтымақтастығы ұйымы аясында жүзеге асыруға мүмкіндік бар екен. Ұйым құрамына Корей Халық Демократялық Республикасы мен Қазақстанды қоса есептегенде, барлығы 27 мемлекет кіреді. Ал Корея Республикасы 2018 жылы кореяаралық қатынастар жақсарту кезеңінде мүше атанды. На Хи Сынның айтуынша, Сеулден Еуропаға Солтүстік Корея және Ресей темір жолдары арқылы халықаралық пойызының қатынасы туралы келісімге келу керек. Ресейде темір жол табан ені 1520 миллиметрді, ал екі Кореяда 1435 миллиметрді құрайды. Сондықтан Оңтүстік Кореяның теміржол ғылыми-зерттеу институтында рельстер арасындағы қашықтыққа бейімделетін платформаны ойлап тапқан. Еуразиялық пойыз сағатына 400 шақырымға дейін жылдамдықпен жүре алады. Оңтүстік Корея инженерлерінің тағы бір жобасы – ультра жылдам вакуум пойызы. Оның жылдамдығы сағатына 1200 шақырымнан асады.

На Хи Сын, Корея республикасы темір жол зерттеу институтының директоры:

– Солтүстік Кореяда темір жолдарды біріктіруге үлкен қызығушылық бар. Егер біз оңтүстіктен солтүстікке дейін жол салсақ, онда бұл жолдарды Солтүстік Корея пайдаланады және ол санкцияларға жатады. Алдымен Сеулден Солтүстік Корея арқылы Пекинге немесе Мәскеуге баратын пойызы туралы келіссөздер жүргізу керек. Бұл жұмысты арнайы топ құтқару керек және бұл ұсыныс ресми түрде айтылуы керек. Біз санкциялар мәселесін ең төменгі деңгейде шешіп, келесі қадамға көшуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы