426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сербия мен Черногория тұрғындары ЕО аумағына кіре алмайды

  • 368
  • UPD: 14:09, 17.07.2020

Еуроодақ Сербия мен Черногория тұрғындарына уақытша шекарасын жапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Брюссель бұл шешімін Балқан түбегіндегі коронавирусқа қатысты жағдайдың ушыққанымен байланыстырып отыр. Бұдан былай, Еуроодақ аймағына тек 12 мемлекеттің тұрғындары ғана кіре алады. Тізімде Алжир, Австралия, Канада, Грузия, Жапония, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис пен Уругвай елдері бар. Аспан асты елі де қауіпсіз мемлекеттердің қатарында. Алайда Еуроодақтың талабы бойынша еуропалықтар Қытайға бара алса ғана одақ шекарасын қытайлықтар үшін ашатын болады. Алдағы уақытта Брюссель қауіпсіз елдердің тізімін қайта жаңартатынын хабарлады.

Естеріңізге салайық, наурыз айында коронавирус эпидемиясы шарықтап тұрған кезде Еуроодақтың көптеген елі өз шекараларын тарс бекітіп тастаған. Бұл шешіммен тек Ирландия, Швейцария, Норвегия, Лихтенштейн мен Исландия билігі келіскен жоқ. Ал шілде айының бас кезінде шектеу шаралары біртіндеп бәсеңдей бастады.

Хабар 24 телеарнасы