431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда вирус жұқтырғандар саны 2 млн-нан асты

  • 176
  • UPD: 13:43, 17.07.2020
Бразилияда вирус жұқтырғандар саны 2 млн-нан асты

Бразилияда коронавирус күннен-күнге өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде вирус жұқтырғандар саны 2 миллионнан асып, 77 мыңға жуық науқас қайтыс болды. Өткен аптада ел президенті коронавирусқа сынама тапсырып, тест қорытындысы вирустың бар екенін көрсетті. Осыдан кейін Бразилияның баспасөз қауымдастығы Жаир Болсонаруды сырқатын біле тұра, тілшілердің алдына шығып сұхбат бергені үшін айыптап, сотқа шағымданды. Бұған дейін саясаткер ел аумағында карантин режимін енгізуге қарсылық білдіріп, сынға ұшыраған еді. Сарапшылар вирустың өршуіне қатаң шектеу шараларының қабылданбауы себеп болды дейді.

Роберто Медронхо, Рио-Де-Жанейро федералды университетінің профессоры:

– Індет халықты қатты қиналтты. Соған қарамастан үкімет тарапынан қолдау көріп отырған жоқпыз. Ал бізді, яғни зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алғы шепте жүргендерді елдегі ахуал үшін қатты қынжылтады.

Рафаэль Рейс, науқастың туысы:

– Олар вирустың барына сенбеді. Карантин шараларын сынға алды. Ал бұл – індетпен күресте әзірге ең тиімді тәсіл.

Хабар 24 телеарнасы