425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың Үрімжі қаласында 500-ден астам әуе рейсі ұшпай қалды

  • 511
  • UPD: 15:16, 17.07.2020
Қытайдың Үрімжі қаласында 500-ден астам әуе рейсі ұшпай қалды

 

Бұл шамамен жоспарланған рейстердің 90 проценті.

Бұған Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданында вирустың таралуы себеп. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Үрімжі қаласында 24 жастағы қызға коронавирус диагнозы қойылды. Аймақта тағы симптомсыз 3 адам анықталды. Науқастардың барлығы бір-бірімен қарым-қатынас жасаған. Бұл жаңалық өзге де әуе компанияларын дүрліктірді. Енді бұл өңірге ұшатын жолаушылар ұшаққа отырар алдында індетті анықтайтын тест нәтижесін көрсетулері міндетті.

Хабар 24 телеарнасы