424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мамандар: Хакерлер миллиардерлердің жеке хаттарын оқыған болуы мүмкін

  • 554
  • UPD: 21:33, 17.07.2020
Мамандар: Хакерлер миллиардерлердің жеке хаттарын оқыған болуы мүмкін FainaIdea.com

Twitter әлеуметтік желісі күдікті аккаунттарды бұғаттауға кірісті. Компанияның ресми парақшасында соңғы бір айдың ішінде құпия сөзін өзгерте берген аккаунттар күмән тудырады делінген.

Таяуда хакерлер танымал адамдардың жеке парақшасын бұзып биткоиндарды жинаған. Біреудің парақшасы арқылы халықты алдап шотқа аударылған биткоиндар екі есе қайтарылады деп уәде еткен. Барак Обама, Илон Маск, Билл Гейтс, рэпер Канье Уэст пен өзге де әйгілі адамдардың атынан жарияланған мұндай твиттер ғаламтор желісінде лезде тарады.

Қарақшылар Apple мен Uber алпауыттарының атынан да хабарландыру жіберген. Алаяқтардың құрығына іліккен шамамен 400 адам шотқа 120 мың доллар қаражат аударды. Оқиғаға қатысты Сан-Францисконың федералды тергеу бюросы қылмыстық іс қозғады.

Мамандардың айтуынша, хакерлер экс-шенеуніктер мен миллиардерлердің жеке хаттарын да оқып үлгерген болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы