Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, бір күнде 77 мыңнан астам дерек тіркелген, хабарлайды «Хабар 24».
Жалпы Құрама Штаттарда індет құрбандарының саны 138 мыңнан асты. Қазір 40-қа жуық штатта эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Әсіресе, Техас, Флорида, Аризона және Калифорниядағы ахуал нашар. Індеттің өршуіне байланысты бірқатар штатта карантин тәртібі күшейтілді.