loader

Израиль: жабық ғимаратта 10 адамнан асатын жиналысқа тыйым салынды Интерфакс

Израиль: жабық ғимаратта 10 адамнан асатын жиналысқа тыйым салынды

Израильде коронавирустың өршуіне байланысты шектеу шаралары күшейтілді.

Бұл қатаңдатылған ереже демалыс күндеріне қатысты. Енді сенбі-жексенбі күндері спорт залдары, фитнес орталықтары, мейрамханалар, жағажайлар, сауда орталықтары мен сән салондары толықтай жұмысын тоқтады. Шектеу шілде айының соңына дейін жалғасады. Жабық ғимаратта 10 адамнан асатын, көшеде 20 адамнан асатын жиналыс өткізуге болмайды.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьері:

– Біздің қазіргі мақсатымыз – елдегі ахуалды жаппай катаң карантинге жеткізбеу. Сондықтан демалыс күндері барлық ойын-сауықты доғару керек. Бастысы, індеттің екінші толқынын бақылауда ұстау.

Сондай-ақ...