432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда карантин күшейтілді

  • 285
  • UPD: 10:55, 18.07.2020

Коронавирус жұқтырғандар санының күрт артуына байланысты Тегеранда карантин тәртібі қайта күшейтілді.

Бүгінен бастап елдегі барлық мемлекеттік қызметкерлердің үштен бірі қашықтан жұмыс істеуге көшті.  Адам көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынып, мейрамханалар жұмысын тоқтатты. Айта кетейік, Иранда маусым айының соңында бетперде тағу міндеттелген соң, карантин тәртібі жеңлідетілген еді. Бірақ соңғы тәулікте короанвирус инфекциясы 2 мың 300-ден аса адамнан анықталып, 183 науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы