426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франциядағы ең ірі шіркеулердің бірінде өрт шықты

  • 262
  • UPD: 17:39, 18.07.2020
Франциядағы ең ірі шіркеулердің бірінде өрт шықты

Францияның батысындағы Нант қаласында әулие Петр және Павел соборында өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол елдегі ең ірі шіркеулердің бірі. Зәулім ғимараттың орталық бөлігіндегі өртті сөндіру шаралары әлі аяқталған жоқ. Шіркеудің үстінен қою түтін шығып жатыр. Тілсіз жауды тоқтатуға жүздей өрт сөндіруші тартылды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тарихи ғимаратқа қандай зақым келгені әзір белгісіз. Осы оқиғаға байланысты Франция премьер-министрі Жан Кастекс Нант қаласына аттанды. Өткен жылдың сәуір айында Парижде Нотр-Дам соборы өртенген еді. Франция Президенті Эммануэль Макрон әлемдік мәдениеттегі орны бөлек бұл ескерткішті бес жылда қалпына келтіруге уәде бергенін айта кетейік.

Хабар 24 телеарнасы