428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда ғимарат құлап, үш адам мерт болған, 19-ы үйінді астында қалды

  • 236
  • UPD: 07:39, 19.07.2020
Пәкістанда ғимарат құлап, үш адам мерт болған, 19-ы үйінді астында қалды Geo.tv

Жұма күні Пәкістанда Азад Кашмир штатындағы Мирпур округінде салтанат сарайының ғимараты опырыла құлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Geo.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Апат салдарынан үш адам қаза тапты, үйінді астында қалған 19 жұмысшы құтқарылды.

Телеарнаның деректеріне қарағанда, оқыс оқиға кезінде 50-ден астам жұмысшы ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарымен шұғылданып жатқан. Мерт болғандар арасында ғимараттың иесі мен оның ұлы болған.

 

Хабар 24 телеарнасы