426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда індеттің таралуына тосқауыл қоюға арналған қосымша іске қосылды

  • 166
  • UPD: 10:48, 19.07.2020

Коронавирус пандемиясымен күресу үшін озық технологиялар қолданылып жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан бір ай бұрын Германияда ұялы телефондарға арналған қосымшаны іске қосты. Егер оны қолданушы COVID-19 дертін жұқтырып алса, онымен 15 минуттан аса уақыт қатынаста болған адамдардың барлығына хабарлама түседі. Осылайша, олар денсаулығына төнген қауіп туралы ескертіледі. Бір айда Германияда бұл бағдарламаны 16 миллион адам орнатты. Соның арқасында 300-дей адам ауруды жұқтырғаны туралы дер кезінде біле алды. Осылайша, вирусты өзге адамдарға таратқан жоқ.

Йенс Шпан, Германияның денсаулық сақтау министрі:

- Бұл бағдарлама – індетпен күресу шараларының бірі. Оны Германияның бүкіл халқы әлі орнатқан жоқ. Дегенмен, миллиондаған адам қолданып келеді. Бұл сарапшылар болжаған санынан әлдеқайда асып түсті. Еуропаның өзге елдерінде осындай бағдарламаны пайдаланушылардың бәрін қосқанда да саны әдәуір көп. Бұл тұрғындарымыздың көбісі індетпен күресті ортақ іс ретінде қабылдағанын көрсетіп отыр.

Қосымша сұранысқа ие болғанымен, мамандар «бірқатар кемшіліктері бар» дейді. Біріншіден, ол тек жаңа телефондарда ғана жұмыс істейді. Екіншіден, тек 17 жастан бастап жүктеуге рұқсат етілгендіктен, жасөспірімдерді қамтымайды. Шығарушылардың айтуынша, бұл жаңа бағдарлама болғандықтан, оны әлі де жетілдіріп жатыр. Ал, сарапшылар «барлық деректерді Бірыңғай еуропалық базаға біріктіру қажет» дейді. Сонда сыртта жүрген немістер өзге елдерде де ақпаратпен бөлісе алатын еді. Ал қазір мәселен Германияның бұл бағдарламасы Франциядағы осыған ұқсас қосымшамен өзара әрекеттесе алмайды.

Хабар 24 телеарнасы