421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда 10 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 жұқтырған

  • 186
Түркияда 10 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 жұқтырған

Түркияда коронавирус тіркелген уақыттан бері 10 мыңнан астам медицина қызметкері қауіпті індет жұқтырды.

Бұл – Анкара дәрігерлер палатасының басшысы, профессор Ведат Булуттың мәліметі, хабарлайды «Хабар 24».

Иммунолог дәрігердің айтуынша, бұл елдегі науқастардың шамамен 6%-тін құрайды. Ал, елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа тақырыпқа қатысты соңғы рет сәуір айының аяғында мәлімдеме жасап, коронавирусқа шалдыққан ақ халаттылардың саны 7428 екенін айтқан еді. Жалпы Түркияда коронавирусты жұқтырғандар саны 217 мыңнан асты. Оның 200 мыңға жуығы қатерлі індеттен айығып, 5458 науқас көз жұмды.

Ведат Булут, Анкара дәрігерлер палатасының басшысы:

- Қазірге дейін 10 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырды. Соның ішінде 46 әріптесіміз бұл өмірмен қош айтысты. Олардың арасында дәрігерлер, медбикелер, түрлі деңгейдегі медицина қызметкерлері бар. Бүкіл әлемде де көрсеткіштер осыған ұқсас. Мәселен, Жапонияның өзінде аты жаман ауруға шалдыққандар науқастардың 15%-ін денсаулық сақтау қызметкерлері құрады.

Хабар 24 телеарнасы