432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран президенті: Елде 25 млн адам COVID-19 жұқтырды

  • 297
  • UPD: 12:33, 19.07.2020
Иран президенті: Елде 25 млн адам COVID-19 жұқтырды

Коронавирус пандемиясы басталғалы Иранда бұл сырқатқа 25 миллион адам шалдықты.

Бұл туралы індетпен күресудің Ұлттық штаб жиналысында Иран Республикасының президенті Хасан Роухани мәлімдеді, хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметіне сүйеніп, алдағы уақытта тағы 35 миллион тұрғын осы ауруды жұқтыруы мүмкін екенін айтты. Алайда, ресми мәлімет бойынша Иранда COVID-19 жұқтырған 270 мың адам тіркелді. Дерттен 14 мың науқас көз жұмды.

Хасан Роухани, Иран президенті:

- Қазіргі тұста Иранның 25 миллион тұрғыны коронавирус жұқтырған деп ойлаймыз. Осы кезге дейін бұл дерттен 14 мыңдай адам қайтыс болды. Маған тапсырған баяндамаға сәйкес індет басталғалы 200 мыңнан аса науқас ауруханаларға жатқызылды, ал 35 миллион адам бұл сырқатқа шалдығуы мүмкін делінген.

Хабар 24 телеарнасы