429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда жойқын су тасқыны ел экономикасына орасан шығын әкелді

  • 361
Қытайда жойқын су тасқыны ел экономикасына орасан шығын әкелді

Қытайдың шығыс аймағын су алып, табиғи апаттың қызыл деңгейі жарияланды, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл соңғы отыз жылда елде болған ең жойқын су тасқыны. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан өзендер мен көлдер арнасынан асып кетті. Нанкин қаласы және Аньхой, Чжэцзян мен Цзянси провинциялары апаттан қатты зардап шеккен. Құтқарушылар жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Індеттен кейін қалпына жаңа келе бастаған ел экономикасына орасан шығын келді. Су тасыған көптеген аймақта кәсіпорындар мен құрылыстар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы