429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда ашық аспан астындағы кинотеатрлар ашылды

  • 177
  • UPD: 15:54, 19.07.2020
Францияда ашық аспан астындағы кинотеатрлар ашылды frenchparis.ru

Індетке байланысты кинотеатрлар жабылғандықтан, Франция тұрғындары сүйікті бір ермегінен айырылды, хабарлайды «Хабар 24».

Кинематография саласы тап осы елде шыққан еді. Алайда, киноға құмар қауымның көңілін аулау амалы да табылды. Сена өзенінің жағасында киноэкран орнатылып, онда күн сайын классикаға айналған отандық фильмдерді көрсете бастады. Оны көру үшін 38 электр қайықтың бірін алып, экранға жақындау керек. Су бетіне түспей-ақ жағаның өзінде де кино тамашалауға мүмкіндік бар. Бұл ұшін онда арнайы орындықтар жабдықталған. Кинотеатрды ұйымдастырушылар, бұл фильмдерді көрудің ең қауіпсіз әдісі деп санайды. Ал жергілікті тұрғындар осындай ерекше жоба жүзеге асқанына өте риза.

Хабар 24 телеарнасы