429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан астанасын су басты

  • 332
  • UPD: 08:38, 20.07.2020
Үндістан астанасын су басты LoveOpium

Үндістанда толассыз жауған нөсер жауынның соңы тасқынға ұласып, Нью-Дели қаласын су алып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімшілігінің мәліметінше, табиғи апаттан бір адам қаза тапты. Қазіргі кезде коммуналдық қызметтер қаланы тазалауға кірісіп кетті. Тропикалық аймақта орналасқан Үндістанның басым аумағында жылдың осы кезінде айлап жаңбыр жауады. Биыл су тасқыны екі жарым мың ауылды шайып кетті.

Хабар 24 телеарнасы