420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде 40 мың гектар орман отқа оранды

  • 262
Ресейде 40 мың гектар орман отқа оранды

Өрт сөндірушілер 130 ошақтағы қызыл жалынды ауыздықтап үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де, әлі 200 ормандағы өрт дес берер емес. Бұған дейін елдегі 10 нысанда төтенше жағдай жарияланған болатын. Жағдай әсіресе Ханты-Мансийск автономды аймағында, Амур және Иркутск облыстарында, Забайкалье мен Красноярск өлкелерінде қиын. Тіпті кейбір өңірлерде қызыл жалын қорықтарға дейін жеткен. Ресей билігі өрт сөндіруге 5 мың адам, жүздеген техника және авиация тартты. Айта кетейік, орманның өртке орануына аптап ыстық себеп.

Хабар 24 телеарнасы