430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция тұрғындары бүгіннен бастап қоғамдық орындарда маска тағуға міндеттелді

  • 265
  • UPD: 13:47, 20.07.2020

Ережені бұзғандар 135 еуро айыппұл төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі осыған дейін Президент бетперде тағу тәртібі 1 тамыздан бастап енгізілетінін айтқан. Алайа елде коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін деген күдік басым. Өйткені соңғы күндері мұнда науқастар саны артып барады. Сондықтан ереже ертерек енгізілді. Жалпы көктемде француз билігі күніне кем дегенде 700 мың тест өткіземіз деген еді. Алайда қазіргі көрсеткіштер оның жартысынан да аз. Оған медициналық қызметкерлердің тапшылығы себеп.

Николь Грессье, зейнеткер:

– Мен қажетті сақтық шараларын естен шығармаймын. Алайда оларды елемейтіндер де бар. Мәселен, кейбіреулер метрода да, пойызда маскаларын шешіп тастап жатады. Маңайда серуендеп жүріп, мұнда вирусқа тест тапсыруға болатынын көріп қалдым. Тексеруден өтейін деп шешітім. Өйткені осы айдың соңында немереммен кездесуім керек. Оны көрмегелі 9 ай болды. Сақтықта қорлық жоқ.

Хабар 24 телеарнасы