Австралия премьері коронавирусқа байланысты парламенттің жұмысын тоқтатты
Мәжбүрлі демалыс кем дегенде 24 тамызға дейін созылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Австралия лейбористтік партиясының өкілдері биліктің шешімімен келісті. Десе де, үкіметті қатаң сынға алып үлгерді. Партия өкілдерінің айтуынша, дағдарыс кезінде қабылданған экономика саласындағы шешімдерге қатысты толыққанды ақпарат айтылмай отыр.
Айта кетейік, қазір билік ел аумағында індеттің тарап кетпеуін бақылауға алды. Десе де, індет Мельбурн мен Сиднейде өршіп барады. Бір ғана Виктория штатында өткен тәулікте 200-ден астам адам вирусты жұқтырған. Австралия бойынша 11,5 мың науқас тіркеліп, оның 120-сы кеселдің құрбанына айналды.