427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ирандық әскерилер абайсызда атып түсірген украиндық ұшақтың қара жәшігі Парижге жеткізілді

  • 398
  • UPD: 15:16, 20.07.2020
Ирандық әскерилер абайсызда атып түсірген украиндық ұшақтың қара жәшігі Парижге жеткізілді

Бұл ақпаратты Канада сыртқы істер министрлігі растады. Енді қара жәшікті Азаматтық авицияның қауіпсіздік және тергеу Бюросы сараптамадан өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, осы жылдың 8 қаңтарында «Украина халықаралық әуе желісінің» Тегеран әуежайынан Киевке шыққан рейсі апатқа аұшыраған еді. Салдарынан 176 жолаушы қаза тапты. Ирандық әскерилер ұшақты абайсызда қағып түсіргенін мойындады. Оған адами фактор себеп болған. Иранның әскери нысаны маңынан ұшқан ұшақты мамандар зымыран екен деп қалған. Бүгінде тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы