423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда Ұлттық күнге арналған шеру өтпейтін болды

  • 164
  • UPD: 09:21, 21.07.2020
Испанияда Ұлттық күнге арналған шеру өтпейтін болды

Пандемияға байланысты Испанияның Ұлттық күніне арналған дәстүрлі шеру биыл өтпейтін болды.

Бұған елдегі коронавирустың таралуын тежеуге қатысты енгізілген шектеу шаралары себеп. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлады. Ауқымды шеру орнына ел билігі енді шағын шара ұйымдастырмақ. Ол Мадридтегі король сарайы алдындағы алаңда өтетін болды.

Айта кетейік, испан халқының Ұлттық күні 12 қазанда тойланады. Жыл сайын оған мыңдаған адам қатысады.

Хабар 24 телеарнасы