425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дамаск Израиль атқан зымырандарды қағып түсірді

  • 301
  • UPD: 11:31, 21.07.2020
Дамаск Израиль атқан зымырандарды қағып түсірді

Израиль тарапы Дамаскінің оңтүстігінде орналасқан нысандарға шабуыл жасады. Бұл туралы Сирияның Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. 

Дүйсенбі күні Израиль ұшақтары Голан шыңынан Сирияға қарай бірнеше зымыран атқан. Дамаск аспанында оны әуеқорғаныс жүйесі байқап, көзін жойған. Сирия тарапы зардап шеккендер жоқ, тек материалдық шығын бар дейді. Ал Израиль болса бұл оқиғаға қатысты үнсіз отыр. Олар шетелдік БАҚ-тың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірмейтіндерін айтты.

Хабар 24 телеарнасы