424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

SpaceX Кореяның әскери спутнигін ұшырды

  • 410
  • UPD: 15:26, 21.07.2020
SpaceX Кореяның әскери спутнигін ұшырды

«Спэйс Икс» компаниясының Фалкон 9 зымыраны Оңтүстік Кореяның әскери байланыс серігін орбитаға шығарды. Anasis-II Флориданың Канаверал айлағынан ұшырылды. 

Спейск Икс компаниясының мәлімдеуінше, Anasis-II Оңтүстік Корея тарапының сұрауы бойынша тікелей эфирде көрсетілмеген.

Ашық дереккөздердің айтуынша, бұл Оңтүстік Кореяның алғашқы әскери коммуникациялық серігі болып табылады. Ал «Фалкон 9» зымыраны болса бұған дейін 30 мамырда Crew Dragon кемесін  орбитаға шығарған болатын.

Айта кетейік, «Форбс» журналының мәліметінше, бұл компанияның негізін қалаушы, «Тесланың» бас директоры Илон Маск әлемдегі ең бай 5 адамның тізіміне кірді. Есеп бойынша Масктың тек бір күндік табысы 5 миллиард долларға көбейіп, 74 миллиард долларға жеткен. Жалпы әлемдік тізімді 200 миллиард доллар табыс көзімен Амазон басшысы Джефф Безос бастап тұр.

Хабар 24 телеарнасы