429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде маска тағу режимін бұзғандар тұтқындалуы мүмкін

  • 178
  • UPD: 14:52, 21.07.2020
Филиппинде маска тағу режимін бұзғандар тұтқындалуы мүмкін

Филиппин президенті Родриго Дутерте пандемия кезінде медициналық маска тақпайтындарды тұтқындау керектігін ескертті.

Бұл туралы Reuters хабарлады.

«Бізде маска тақпаған және пандемия кезінде қауіпсіз арақашықтықты сақтамағандарды тұтқындау қажеттілігі бар екені туралы күмәніміз жоқ. Бұл – қылмыс. Олардың тұтқындалуы қалған адамдарға жақсы сабақ болады», - деді Филиппин президенті.

Қазіргі таңда Филиппин пандемиядан қайтыс болғандардың саны бойынша Оңтүстік-Шығыс Азияда Индонезиядан кейін екінші орында тұр. Елде 68898 адам коронавирус жұқтырып, 1835 адам індеттен көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы