427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕО саммиті: Кәрі құрлық елдерінің басшылары ортақ мәмілеге келді

  • 443
  • UPD: 17:28, 21.07.2020
ЕО саммиті: Кәрі құрлық елдерінің басшылары ортақ мәмілеге келді Euronews

Брюссельде 4 күнге жалғасқан Еуроодақ саммиті аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосудың қорытындысы бойынша, кәрі құрлық елдерінің басшылары 7 жылдық бюджетке қатысты ортақ мәмілеге келді. Жиында коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған экономикалық тығырықтан шығу мәселесі де қызу талқыланды. Келісімге сай, індеттен қатты зардап шеккен мемлекеттерге 390 миллиард еуро көлемінде қайтарымсыз қаражат бөлінетін болды. Ал жеңілдетілген несие түрінде берілетін қаржы көлемі 360 миллиард еуроға дейін ұлғайтылды. Бұл соманы одақ халықаралық банктер мен қаржы ұйымдарынан қарызға алмақ. Оның басым бөлігі алдағы 2 жылда жұмсалуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы