422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Африкадағы жағдай алаңдатарлық

  • 300
  • UPD: 19:13, 21.07.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкадағы эпидемиологиялық ахуалға алаңдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені құрлықта коронавирус тез тарап барады. Қазір мұнда расталған деректер саны 700 мыңнан асады. 15 мың науқас көз жұмған. Індеттен әсіресе Оңтүстік Африка Республикасы, Египет, Нигерия мен Гана зардап шегіп отыр. Мамандардың алаңдауы бекер емес. Өйткені жақында Оңтүстік Африка Республикасы вирусты жұқтырғандар саны бойынша әлемнің бестігіне кірді.

Майкл Райан, ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры:

– Біз Африкада коронавирустың тез тарап бара жатқанын көріп отырмыз. Бұл алаңдатарлық жағдай. Құрлықтағы өзге елдерде де Оңтүстік Африка Республикасындағы жағдай қайталанып, науқастар саны күрт артып кетуі мүмкін. Сондықтан бұл мемлекеттерге қолдау көрсету керек.

Хабар 24 телеарнасы