424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинада 20 адамды кепілде ұстап отырған азаматтың аты-жөні белгілі болды

  • 223
  • UPD: 18:29, 21.07.2020
Украинада 20 адамды кепілде ұстап отырған азаматтың аты-жөні белгілі болды vl.npu.gov.ua

Украинаның Луцк қаласында қарулы адам автобусты басып алып, 20 кісіні кепілге алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала болжам бойынша, қылмыскер Кривошей Максим Степанович есімді азамат. Әлеуметтік желіде «Максим Плохой» деген атпен тіркелген. Полицияның дерегінше, жолаушыларды кепілде ұстап отырған азаматта қарудан бөлек, жарылғыш зат та бар. Бұдан бөлек, қала аумағында тағы бір жерге бомба қойылған болуы мүмкін. Қазір шаһар орталығы жабық. Мамандар жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков та барған. Ел президенті Владимир Зеленский де жағдайды жіті бақылауға алғанын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы