425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филиппин президенті: Маска тақпағандар қамауға алынсын

  • 279
  • UPD: 23:58, 21.07.2020

Филиппин президенті маска тағу талабын орындамағандарды қамауға алуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мемлекет коронавирус құрбандары бойынша Оңтүстік-Шығыс Азияда Индонезиядан кейін екінші орында тұр. Маусымда карантин тәртібі жеңілдей салысымен, елде індет өрши түскен. Өткен айдан бері расталған деректер саны 4 есеге артып, 71 мыңға таяп қалды. Енді билік қатаң шаралар қабылдауға қамданып жатыр. Мәселен, вирусты жұқтырғанын жасырғандар түрмеге отыруы мүмкін. Қажет болса, пневмонияның жеңіл түрімен ауырғандардың өздерін күштеп ауруханаға жатқызамыз дейді.

Родриго Дутерте, Филиппин президенті:

– Пандемия кезінде маска тақпай, қауіпсіз қашықтықты сақтамайтындарды қамауға алу керек. Өйткені қазіргі жағдайда мұны қылмысқа теңеуге болады. Сол себепті еш күмәнсіз осылай істеу қажет.

Хабар 24 телеарнасы