429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сыналмақ

  • 241
  • UPD: 08:24, 22.07.2020
Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сыналмақ dw.com

Бұл жөнінде жергілікті билік өкілдері мәлімдеді.

Айтуларынша, азаматтарға «Синовак» компаниясы жасаған қытайлық вакцина салынады, хабарлайды «Хабар 24».

Дәрінің әсерін бір уақытта 12 зерттеу орталығы бақылап, 90 күн бойы қадағалайды. Сан-Паулу губернаторының сөзінше, егер сынақ сәтті өтсе, 2021 жылға қарай вакцинаның 120 миллион дозасы жасалады. Және ол халыққа тегін таратылады екен. Айта кетейік, бүгінде Бразилия коронавирустан ең көп зардап шегіп отырған елдердің қатарында. Осы уақытқа дейін 2 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 80 мыңдайы көз жұмды.

Жуан Дориа, Сан-Паулу губернаторы:

- Егер бәрі ойдағыдай өтсе, вакцина келер жылдың басына қарай жасала бастайды. Және ол тек Сан-Паулу тұрғындарына ғана емес, бүкіл бразилиялықтарға таратылады.

Хабар 24 телеарнасы