423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада 12 сағат кепілде болған тұрғындар босатылды

  • 233
  • UPD: 09:11, 22.07.2020
Украинада 12 сағат кепілде болған тұрғындар босатылды BBC.com

Украинаның Луцк қаласында 12 сағат бойы кепілде болған тұрғындар босатылды.

Қылмыскер ұсталды. Зардап шеккендер жоқ. Украинаның қауіпсіздік қызметі осылай деп хабарлады. Сондай-ақ бейбіт тұрғындарға шабуыл теракт ретінде тіркелді.

Айта кетейік, сейсенбі күні қаруланған ер адам қоғамдық көлікке баса-көктеп кіріп, 20 бейбіт тұрғынды кепілге алған. Ол өзінде жарылғыш зат пен қару бар екенін айтып, журналистермен тілдесуді талап еткен. Тіпті автобустан граната лақтырған болатын.

Қылмыскер – 44 жастағы Максим Кривош есімді азамат. Тәртіп сақшыларына өзін «Максим Плохой» деп таныстырған. Екі мәрте сотталған, 10 жылдай темір торда отырған. Украина президенті Владимир Зеленский қылмыскердің талабын орындап Facebook-те бейнеүндеу жариялады. Содан соң қылмыскер алдымен үш жолаушыны босатты. Кейін біртіндеп кепілдегілерді жібере бастады. Тәртіп сақшылары қаскөйді бірден тұтқындады.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Бізге жарақат алғандар туралы хабар келіп түсті. Қылмыскерден зардап шеккендер мен жүкті әйелдерді босатуын талап еттім. Ол ешкім жарақат алмағанын айтты. Содан соң үш адамды босатқан соң бейнеүндеу жариялайтын болып келістік. 30-40 минуттан соң барлық кепілдегілерді босатып алдық. Иә, бірден шабуыл жасап, қылмыскерді ұстауға болатын еді. Бірақ маған бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі маңызды.

Хабар 24 телеарнасы