Сирияда өткен парламенттік сайлауда басымдыққа Башар Асадтың партиясы ие болды.
«Ұлтық бірлік» коалициясы парламенттегі 250 орынның 177-сіне отырады. Дауыс беруге барлығы 1600 кандидат қатысқан. Оның 200-і әйел адам. Сайлауға келу статистикасы – 30 процент. Депутаттар алдағы 4 жылға сайланды.
Айта кетейік, 2011 жылы, азаматтық соғыс басталғалы бұл – елдегі үшінші сайлау. Үкіметтің 70 проценттік бақылауындағы Дамаск қаласында өтті.
Сирияда 9 жылдан бері әскери қақтығыс жалғасып келеді. Башар Асадтың режиміне қарсы түрлі ұйымдар мен лаңкестік топтар бар. Бүгінге дейін қақтығыстардан 380 мың адам көз жұмған. Елден кетуге мәжбүр болған миллиондаған сириялық сайлауға қатыса алмады.