476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Доминикан Республикасында бүгіннен бастап коменданттық сағат енгізілді

  • 639
  • UPD: 09:46, 22.07.2020
Доминикан Республикасында бүгіннен бастап коменданттық сағат енгізілді

Оған коронавирустың тез таралуы себеп, хабарлайды «Хабар 24».

Әр өңірге байланысты кешкі 7-8-ден таңғы беске дейін тұғындарға тысқа шығуға тыйым салынады. Бұл уақыт аралығында тек дәрігерлер, қауіпсіздік қызметі, БАҚ өкілдері мен кейбір компания қызметкерлері ғана көшеде жүре алады. Коменданттық сағат 20 күнге жалғаспақ. Соңғы мәлімет бойынша Латын Америкасындағы осы Доминикан Республикасында коронавирусты жұқтыру деректерінің саны 54 мыңға жуықтаған. 993 науқас індетпен күресе алмай көз жұмды. Латын Америкасындағы өзге елдерде де жағдай мәз емес. Бүгінде өңірдің 4 бірдей мемлекеті коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша әлемнің ондығына кіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы