419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ Орталық Азия елдеріне коронавируспен күресуге көмектеседі

  • 338
  • UPD: 12:34, 22.07.2020

Еуропалық Одақ Орталық Азия елдеріне коронавируспен күресуге көмек бойынша жаңа жобаны бастады, хабарлайды «Хабар 24».

Екі жылдық бағдарлама «Орталық Азия елдеріндегі COVID-19: дағдарысқа қарсы шаралар» деген атпен жүзеге асырылады. Оның құны 3 миллион еуроны құрайды. Еуроодақ өкілдерінің айтуынша, жоба бойынша басты көмек Қазақстанға бөлінбек. Жалпы шара аймақтағы індеттің салдарымен күреске және өңір елдерінің денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Свен-Олов Карлссон, Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі:

- Коронавирус пандемиясы әр елдің ұлттық денсаулық сақтау саласы қаншалықты әлсіз екенін және мұндай төтенше жағдайға қарсы шараларды қайта қарау керектігін көрсетіп берді. Сондықтан осы бағдарлама аясында қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтарды берумен бірге зертханалар мен ауруханаларға да түрлі көмек көрсету көзделіп отыр.

Еуроодақ бағдарламасы үш кезеңнен тұрады. Алғашқы сатыда көмек өте мұқтаж елдерге көрсетіледі. Ал індеттің таралуы бәсеңдеген соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, індеттің екінші толқынына дайындық шаралары жүзеге асырылмақ. Үшінші кезеңде аймақ елдерінің денсаулық сақтау жүйелерінің өз жұмысын тұрақты әрі тиімді жалғастыруына қолдау көрсету жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы