419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Трамп АҚШ-та екі вакцинаны соңғы клиникалық сынақтан өткізу басталғанын мәлімдеді

  • 294
  • UPD: 12:36, 22.07.2020

АҚШ-та коронавирусқа қарсы екі вакцинаны соңғы клиникалық сынақтан өткізу басталады.

Бұл туралы президент Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде мәлім етті. Ақ үй басшысының айтуынша, аталған екі екпеден бөлек, тағы 4 вакцина соңғы сынақ кезеңіне жақындап қалған. Билік дайын болған екпелерді әр аймаққа жеткізу жолдарын да алдын ала ойластырып қойғанын айтып отыр. Бұл міндет әскерилерге жүктелмек.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Екі вакцинаны сынақтан өткізудің соңғы кезеңі қалды. Біз мұндай нәтижеге өте қысқа мерзімде қол жеткіздік. Баяғыда екпені дайындауға көп уақыт кететін еді. Дайын болған екпелерді қолдануға бірден рұқсат етіледі.

Ал АҚШ-тың Әділет министрлігі «екі қытайлық хакер америкалық компаниялардың компьютер желісіне еніп, коронавирусқа қарсы екпе туралы мәліметтерді ұрламақ болды» деп мәлімдеді. Бұл хакерлердің Қытайдың құпия қызметімен байланысы бар көрінеді. Алайда, олардың іздеген мәліметтерін алған-алмағаны белгісіз.

Айта кетейік, АҚШ билігі бұған дейін Ресей барлау қызметімен байланысы бар хакерлер тобы да зерттеу орталықтарындағы вакцинаға қатысты мәліметтерді ұрлауға талпынды деп айыптаған.

Хабар 24 телеарнасы