426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың Хубэй провинциясында сегіз мыңнан астам адам эвакуацияланды

  • 226
  • UPD: 12:55, 22.07.2020
Қытайдың Хубэй провинциясында сегіз мыңнан астам адам эвакуацияланды

Қытайдың Хубэй провинциясында көшкін салдарынан сегіз мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Табиғи апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ria.ru.

Сейсенбі күні аймақтағы толассыз жауын-шашын мен су тасқынына байланысты Эньши уезінде көшкін болды.

Цинцзян өзеніне көп мөлшерде тас, құм және саз түсіп, нәтижесінде өзен құрғай бастаған. Осылайша, өзендегі су деңгейі тез көтеріліп, төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді су басу қаупі туындады.

Апат аймағындағы адамдар эвакуацияланып, 8397 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Хабар 24 телеарнасы