423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Делиде әрбір төртінші тұрғынға коронавирус жұққан

  • 266
  • UPD: 17:58, 22.07.2020

Үндістан астанасы Нью-Делиде коронавирусты шамамен әрбір төртінші тұрғын жұқтырған.

Ауруларды бақылау бойынша Ұлттық орталық мамандарының жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. Елде коронавирус жұқтыру деректері 1 миллион 200 мыңға таяп қалды. Індеттен ең қатты зардап шеккен өңірлердің бірі осы Нью-Дели. Соңғы екі апта бойы мұнда тәуліктік жаңа деректер саны 1200-ден түспей тұр. Жергілікті ауруханаларда орын тапшылығы қатты сезіліп жатыр.  

Друва Чаудри, пульмонология мен интенсивті терапия бөлімінің басшысы:

- Біз тест санын арттырып жатырмыз. Сөйтіп, бүгінде тәулігіне 200 мың тексеру жүргіземіз. Вирусты жұқтырған тұрғындардың 80-85 процентінде індет белгілері әлсіз не тіптен симптомсыз өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы