432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ Қытайдан бас консулдығын жабуды талап етті

  • 316
  • UPD: 19:37, 22.07.2020
АҚШ Қытайдан бас консулдығын жабуды талап етті

Қытай алдағы 72 сағат ішінде Хьюстон қаласындағы бас консулдығын жабуы тиіс. АҚШ билігі осындай талап қойды.

Бұл жайында Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Айтуынша, консулдық пен елшілік қызметкерлері АҚШ үкіметі тарапынан қудалауға ұшыраған. Аспан асты елінің өкілдері «америкалықтардың бұл әрекеті халықаралық құқық пен екі мемлекет арасындағы консулдық келісімді бұзады» дейді. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, ресми Вашингтон америкалықтардың зияткерлік меншігі мен жеке мәліметтерін қорғап қалу үшін осындай қадамға барған. 

Ван Вэньбинь, Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Бұл АҚШ тарапынан жасалып отырған саяси арандатушылық. Американдықтардың бұл әрекеті халықаралық құқық нормалары мен арамыздағы консулдық келісімді өрескел бұзады. Қытай тарапы мұны қатаң сынға алып, америкалықтардан қате шешімнен бас тартуын талап етіп отыр. Әйтпесе біз жауап қайтаратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы