430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай COVID-19 вакцинасын сынаудың екінші кезеңін аяқтады

  • 403
  • UPD: 21:10, 22.07.2020

Коронавирустың пайда болғанына жарты жыл өтсе де, оның нақты емі әлі де жоқ. Әлем ғалымдары вакцина табуға тырысып бағуда.

Соның бірі Қытайдың әскери-медициналық академиясы жасаған жаңа дәрі. 

The Lancet журналына жарияланған зерттеу қорытындысы бойынша бұл дәрі екінші клиникалық сынақ кезінде өзінің қауіпсіз екенін және ковид-19-ға тойтарыс бере алатынын көрсеткен. Бұған қоса адам ағзасында антиденелердің пайда болуына септігін тигізеді екен. Енді сынақ жұмыстарының үшінші кезеңін шетелде өткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Хоу Лихуа, әскери-медициналық ғылымдар академиясының ғылыми қызметкері:

- Клиникалық сынақ кезінде біз салыстыру әдісін қолдандық. Оған 500-ден астам адам қатысты. Тәжірибе кезінде олар екі топқа бөлінді. Бірінші топқа вакцина салынса, екінші топ плацебо қабылдады. Осылайша біз жаңа дәрінің иммуногендігі мен қауіпсіздігін дәлелдемек болдық. Алайда егде жастағы кісілердің иммуногендігі жастарға қарағанда әлдеқайда әлсіз екені анықталды. Енді біз осы бағыттағы жұмыстарымызды келесі кезеңде жалғастырмақпыз.

Алпауыт ел Америкада да дәрі өндіруші компаниялар вакцина жасауға білек сыбана кіріскен. Олар клиникалық сынақтарды ауқымды өткізуге уәде берді. Яғни енді сынақ жұмыстарына еріктілерді мыңдап тартпақ.

Айта кетейік, АҚШ-та коронавирусқа қарсы 2 вакцинаны соңғы клиникалық сынақтан өткізу басталады. Ал Ақ үй басшысының айтуынша, олардан бөлек тағы 4 вакцина сынақтың соңғы кезеңіне жақындап қалыпы. Жалпы бүгінде жер жүзінде 150-ден астам вакцина дайындалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы