426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда маска тақпағандарға 500 еуроға дейін айыппұл салынады

  • 274
  • UPD: 08:50, 23.07.2020
Германияда маска тақпағандарға 500 еуроға дейін айыппұл салынады RT - RT News

Германияда енді маскасыз жүруге болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ережені елемеген жағдайда бірден айыппұл салынады. Ал оның мөлшері өңірге байланысты. Мәселен, елдің Тюрингия мен Гессен өңірінде қорғаныс құралынсыз жүрген азамат 50 еуро айыппұл төлейді. Берлинде де бетперде тақпаған тұрғындарға бірінші рет 50 еуро көлемінде айыппұл салынады. Ал егер маска тағу режимін бірнеше қайтара бұзса, оның мөлшері 10 есеге артады. Қазіргі таңда елдегі ең көп айыппұл сомасы Баварияда болып тұр. Мұнда ережені елемегендер 150 еуро төлеуі тиіс. Жалпы жаңа ереже күшіне енгелі бері бүкіл Германия бойынша 500 адамға осындай айыппұл салыныпты.

Вальдемар, Берлин қаласының тұрғыны:

– Берлинде нысан ішінде жүргенде міндетті түрде маска тағу керек. Меніңше, бұл дұрыс шешім. Себебі мұндай шара коронавирусты тежеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жеке гигиена мен арақашықтық сақтау ережелерін сақтаған да жөн. Өйткені соның арқасында Германияда вирус жұқтыру деректері азайып келеді. Оны статистикадан-ақ көруге болады.

Жалпы маска тағу спортсүйер қауым үшін де міндетті болмақ. Ел билігі жуырда Берлинде жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын көрермендердің қатысуымен өткізуге рұқсат берген болатын. Алайда 45 мың адамның орнына оған небәрі 5 мың кісі ғана қатыса алады. Оның өзінде, үштен бірі – спортшылар, бапкерлер мен төрешілер. Осылайша, билік өкілдері адамдардың стадионда арақашықтық сақтауына мүмкіндік жасап отыр.

Хабар 24 телеарнасы