420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда 80-нен астам адам су тасқынының құрбаны болды

  • 242
  • UPD: 08:51, 23.07.2020
Үндістанда 80-нен астам адам су тасқынының құрбаны болды РИА Новости

Үндістанның Ассам штатында су тасқыны болып, 87 азамат қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі мыңнан астам елді мекен су астында қалған. Табиғат апатынан мерт болғандар Батыс Бенгалия штатында да тіркеліп жатыр. Мұнда тасқын су 151 адамның өмірін қиған. Қазір апаттан зардап шеккен аймақтарда 800-дей уақытша лагерь жасақталды. Оған су басқан аймақтардан көшірілген 2 миллиондай азамат жайғастырылды.

Хабар 24 телеарнасы