426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция билігі карантин аяқталған соң елде зорлық-зомбылық күшейе ме деп алаңдап отыр

  • 161
  • UPD: 14:54, 23.07.2020

Қазір жергілікті ақпарат құралдарында бұл ең өзекті мәселеге айналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жақында Байонн қаласында жантүршігерлік оқиға тіркелді. Үш ер адам бетперде тағу қажеттігін ескерткен автобус жүргізушісін өлімші етіп ұрып тастады. 21 жастағы бір жүргізуші көшеде итімен серуендеп бара жатқан мейірбикені әдейі барып қаққан. Сарапшылар елде зорлық-зомбылықтың көбеюі карантин режимінің салдары дегенді айтады. 2 айға жуық жалғасқан оқшаулау шарасы кезінде тұрмыстық негіздегі қылмыс көп тіркелген. Сондықтан Ұлттық Ассамблея осындай әрекеттерден жапа шеккендерді қорғау туралы жаңа заң қабылдады. Психологтар да карантин адамның жүйкесіне кері әсер еткенін айтып отыр.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Біз мұндай қылмыстарды тоқтату үшін шараларды қолға алып жатырмыз. Полицияны қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді арттырып, осындай зорлық-зомбылыққа тез арада жауап беруді күшейтетін боламыз. Шектеу шараларынан кейін мұндай әрекеттердің қалыпты жағдайға айналуын болдырмауымыз қажет. Біз қоғамның қауіпсіздігі мен еркіндігін сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы