421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиядағы мысықтар мен иттерден коронавирусқа қарсы антиденелер табылды

  • 314
  • UPD: 13:10, 24.07.2020

Дәрігерлер Италияның солтүстігіндегі қалаларда 1,5 мыңнан астам мысық пен итке зерттеу жүргізіп, олардың шамамен 3-4%-інде коронавирусқа антиденелер бар екенін анықтады.

«Үй жануарларының денесіндегі антиденелердің саны Италияның сол аймақтарындағы тұрғындардікімен бірдей болып шықты. Осылайша, мысықтар мен иттердің коронавирус жұқтыруы таңқаларлық құбылыс емес. Екінші жағынан бұл жануарлардың вирусты таратуы мүмкін деп айтуға негіз жоқ», - деді зерттеушілер.

SARS-CoV-2 коронавирусы адамдардың ағзасына ғана емес, көптеген басқа сүтқоректілерге де ене алады.

Хабар 24 телеарнасы