loader

Британияда пандемия басталған кезден бері алғаш рет аукцион өтеді

Британияда пандемия басталған кезден бері алғаш рет аукцион өтеді

Ұлыбританияда коронавирус дендегелі алғаш рет аукцион өтеді. Ренесанс дәуірінен еуропалық авангардтқа дейінгі танымал суретшілердің туындысы офлайн-аукционға шығарылады.

Ұйымдастырушысы Лондондағы танымал әрі көне аукцион үйі. Бәс саудаға Пикассо, Рембрандт, Миро және тағы басқалардың картиналары қойылады. Сарапшылардың пайымдауынша, аукционнан 128-185 миллион фунт қаржы түседі.

Айта кетейік, бәссаудаға қатысушылардың саны шектеулі болады. Олардың әрқайсысы қолындағы билеті арқылы бөлек бөлмеге кіре алады.

Хелен ньюман, Sotheby's аукцион үйінің өкілі:

- Бонд-стриттағы галереяға қайта оралатынымызға қуанып отырмыз. Жалпы бұл өте тамаша жоба. Әсіресе шығармашылықтан тысқары қалған заманда бұл таптырмас көрме деп санаймын.

Сондай-ақ...