429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелден Берлинге оралғандар тест тапсырады

  • 235
  • UPD: 13:11, 24.07.2020

Берлинде қауіпті елдер тізіміне кіретін мемлекетте демалып келгендер Ковид-19-ға тест тапсырады. 

Тексеру елге орала салысымен, Тегель әуежайында жүзеге асады. Неміс азаматтары тестілеуге қалтасынан қаржы шығармайды. Барлық шығынды мемлекет өзі көтереді. Мұндай жағдай Майндағы Франкфурт әуежайында жұмыс істеп тұр. Бұл бастаманы қазір бірнеше мемлекет іске қосқалы отыр. Оған себеп те жоқ емес. Жақында Германияға испандық арал Мальоркадан келген бір отбасы вирус жұқтырған болып шықты. 

Бьёрн Беккер, Lufthansa компаниясының өкілі:

- Германияда мұндай орталықтарды ашпай тұрып, ұшып қону қауіпсіз болатын. Өйткені біз көп жаңашылдық орнаттық. Мәселен, байланыссыз қызмет көрсету жұмыс істеп, борттарға әуе фильтрлері қойылды. Ал бүгінгі шаралар індеттің алдын алу үшін жасалып отыр. Жолаушылар еш алаңдамай, жайлы саяхатқа шығулары керек.

Хабар 24 телеарнасы