423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинадан Грекияға мигрантты заңсыз тасымалдағандар көп жылға сотталады

  • 302
  • UPD: 13:17, 24.07.2020

Грекияның құқық қорғау органы 140-тан астам украин теңізшісін заңсыз миграциямен айналысқаны үшін сотқа тартқан. Оның арасында жүзге жуығы тергеу изоляторында қамалды. Олар жақын уақытта жариялануы тиіс сот үкімін күтіп жатыр.

Атап өту керек, Грекия соты заңсыз адам тасыған теңізшілерді 150 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін және ондағы түрмелердің жағдайы өте нашар. Мұндай қатаң жазаға қарамастан Украина азаматтары неге қылмыстың осы түріне құмар? 

Бүгінде заңсыз миграция – заңсыз қару жарақ және есірткі сату сияқты әлемдегі ең ауыр қылмыстық бизнес болып саналады. Әсіресе, Грекияның географиялық орналасуы заңсыз көші қон қозғалысы үшін ең қолайлы аймақтардың бірі. Дәл осы ел арқылы Туркиядан ағылған Сомали, Сирия және ауған эмигранттары Еуропа аумағына жетуге асық. Дәл осы қашқындарды Италия және Еуропаның өзге еліне көбіенесе, Украина теңізшілері жеткізеді.

Кирилл Барашков,  Грекиядағы Украина ұлттық адвокаттар қауымдастығының өкілі:

- Жағдай былай, алдымен елдегі қиын экономикалық жағдайды ескеру қажет. Бұл қылмысты іске Одесса маңындағы теңізшілер көп араласады. Олар Грекияға бірнеше рейс жасайды және біздің статистикамызға сай,  сол теңізшілердің 10 процентке жуығы осындай заңсыз миграцияман айналысады. Грек заңы қатал, қылмысқа  қатысы бар адамды 20-40 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Тіпті, 150 жылға дейін түрмеге отырғызу фактісін кездестірдім. Алайда Украина азаматтары ары кетсе 8 жыл ғана отырып, туған еліне депортацияланады. 

Грекияның құқық қорғау органы 140 тан астам Украина теңізшісін заңсыз миграциямен айналысқаны үшін сотқа тартқан. Оның ішінде жүзге жуығы тергеу изоляторында қамалып, жақын уақытта өтуі тиіс сот үкімін күтуде. Адвокат Барашковтың айтуынша, украиналық теңізшілерді мұндай қылмыс түріне ең алдымен жұмыссыздық пен қаражат тапшылығы итермелейді.

Кирилл Барашков,  Грекиядағы Украина ұлттық адвокаттар қауымдастығының өкілі:

- Украиналық теңізшілер бүл қылмысты іспен қомақты қаражат үшін айналысады. Заңсыз тасымал үшін сыйақы көлемі үлкен, мысалы, бір реттік рейс үшін капитанға 7 мың еуро, әр команда мүшелеріне 2,3,4 мың еуро төленеді.  Құқық қорғау органдарына бұл теңізшілер «біз білмедік» деп ақталады, алайда бұл  жалған ақпарат, бәрі біледі, біле тұрып тәуекелге барады. 

Ең өкініштісі, заңсыз көші-қон тасымалы үшін ең нашар кемелер қолданылады. Ескі кемемен бірге ондаған адам суға батып кетуі мүмкін. Грекия соты теңізшілерге ешқашан жеңіл жаза қолданған емес, олар міндетті түрде мұндай іспен айналысқан не қатысы бар адамды қылмыстық жауапкершілікке тартып, 20-дан 150 жылға дейін түрмеге тоғытуы әбден мүмкін.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

Хабар 24 телеарнасы