422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгия карантинді күшейтті

  • 290
  • UPD: 15:04, 24.07.2020

Бельгия билігі коронавирустың өршуіне байланысты карантин тәртібін күшейтті. Жаңа ережеге сай тұрғындар бетпердені тек көшеде емес, бар мен мейрамханаларда киюге міндеттелді.

Билік өкілдері жағдай ушықса мемлекет толықтай карантинге жабылатынын ескертті. Бұл елде шектеу шаралары наурыз айында енгізілді. Індеттен 10 мыңдай адам қайтыс болды. Бельгияда коронавирусты жұқтырған 65 мың адам тіркелді.

Софи Вильмес Бельгия премьер-министрі:

- Соңғы аптада вирусты жұқтырғандар саны күрт өсті. Күніне шамамен 193 адамнан ковид-19 анықталып келді. Ал дүйсенбі күні бұл статистика екі есеге көбейіп кетті. Демек, елде эпидемия аса жылдамдықпен тарап жатыр деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы