432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пентагон ұшағының кесірінен Иран лайнеріндегі жолаушылар жараланды

  • 305
  • UPD: 15:22, 24.07.2020
Пентагон ұшағының кесірінен Иран лайнеріндегі жолаушылар жараланды

АҚШ-тың әуе әскери күштеріне тиесілі F-15 жойғыштары ирандық «Маһан Эйр» әуе компаниясының жолаушылар ұшағынан қауіпсіз арақашықтықта болған. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің өкілі мәлімдеді.

Айтуынша, F-15 ұшқыштары әуе кемесі жолаушылар ұшағы екенін анықтаған соң мыңдаған шақырымға алыстаған.

Нақтырақ айтсақ, Сирия аспанында Тегераннан Бейрутқа бет алған жолаушылар ұшағына екі американдық F-15 жойғышы жақындаған. Олармен соғысып қалмас үшін ұшақ бірден алған биіктігін өзгерткен. Әуе кемесінің күрт қимылынан бірнеше жолаушы зардап шекті. Ізінше ұшақ Бейрутқа келіп қонды.

 

Хабар 24 телеарнасы