431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұтас сақталған мамонт қаңқасы табылды

  • 243
  • UPD: 16:55, 24.07.2020
Тұтас сақталған мамонт қаңқасы табылды

Тұтас сақталған ересек мамонттың қалдықтары табылды, деп хабарлады korrespondent.net.

Қаңқаны Ресей Федерациясының Ямало-Ненец автономды округінің Саяха ауылының тұрғындары тапты. Мамонт қалдықтары таяз көлде жатыр.

Ауыл тұрғындары су астынан аңның бас сүйегінің, қабырғаларының және аяғының бөліктерін алып шықты.

Мамандар көлдің түбін зерттеу үшін және мамонт қаңқасының басқа бөліктерін алып шығу үшін арнайы техниканы қолдануды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы