427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістандық шахтадан ірі гауһар тас тапты

  • 918
  • UPD: 17:53, 24.07.2020
Үндістандық шахтадан ірі гауһар тас тапты

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатындағы Саркоха ауылының тұрғыны Анандилал Кхушваха шахтадан 10,69 караттық үлкен гауһар тас тауып алды.

Құны бес миллион рупий (шамамен 66 мың доллар) тұратын асыл тас аукционда сатылады, деп жазды Mahamedia News Service.

34 жастағы ер адам гауһарды жалдамалы жеке шахтасынан тапқан. Ол асыл тасты аукционда сатып, қаражатты шахтадағы тоғыз әріптесімен бөліскісі келетінін айтты.

«Соңғы алты ай бойы ұжымдық күш-жігердің арқасында біз осындай құнды тасты таба алдық», - деді Кхушваха.

Сонымен қатар ол ақшаның бір бөлігіне балаларын оқытып, өзі шахтада жұмыс істей беретінін айтқан.

Хабар 24 телеарнасы